"Облыстық театрлардың әртістері орташа алғанда 30-40 мың теңге алады. Кейбір театрларда слесарь, сантехник, электр жөндеушілер оларға қарағанда елеулі жоғары жалақы алады", деді ол Астанада сейсенбіде үкіметтің отырысында.
Осы орайда министр әкімдерден театр қызметкерлерінің ғана емес, тұтас алғанда мәдениет саласы қызметкерлерінің айлығын 1,7 — 2,0 көтерме коэффициентін қосу арқылы жергілікті бюджет есебінен арттыру мәселесін қарауды сұрайды. "Бүкіл саяси шараларға негізінен қатысатын шығармашылық интеллигенция өкілдері. Мәдениет қайраткерлерінің жалақысы олардың мәртебесіне және халық алдындағы беделіне сай болуға тиіс", деді министр.
Министрдің айтуынша, республикалық деңгейде жалақы мәселесі бірте-бірте шешімін тауып отыр.