Қазақстандық әскери қызметшілер Абай шыңын бағындырды (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық әскери қызметшілер Абай шыңын бағындырды (ФОТО)

Қазақстандық әскери қызметшілер Абай шыңын бағындырды (ФОТО)

Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілері Абай шыңына шықты, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

  • 7 Шiлде 2015
  • 608
Фото - Caravan.kz

Биіктігі 4 010 метрлік тау шыңын бағындырған әскери қызметшілер бұл жеңісін қазақтың ұлы ақыны, дана ойшыл, философ Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына арнады.

Бірінші бағындырған шың 2 880 метр биіктікте орналасқан Іле Алатауы бөктеріндегі асудың бірі болатын. Әскери қызметшілер осы жерге түнеп, таңертең қайта жолға шықты. Нәтижесінде Абай шыңына әскери альпинистер жеті сағатта (қонған уақытты есепке алмағанда) жетті.

Әскери қызметшілердің айтуынша, ауа-райы олардың таудағы жорығына қолайлы жағдай жасады, ал түнгі жауған жауын жеке құрамның жауынгерлік рухын шыңдады.

Қазақстанның Аэроұтқыр әскерлеріне қарасты әскери қызметшілер үшін тау даярлығы жауынгерлік даярлықтың ажырамас бөлігі болып саналатынын атап өткен жөн. Теориялық және практикалық сабақтардың арқасында жауынгерлер альпинист ретінде өз шеберліктерін жетілдіруге, ең күрделі деген тау бағыттарын игеруге, жаңа шыңдарды бағындыруға мүмкіндік алады.

Тау даярлығы екі бағытқа бөлінеді. Бірінші — арнайы альпинистік даярлық. Бұл жерде әскери қызметшілер тау шатқалдарының барлық түрлерін игеруге арналған техникаларды меңгереді, шыңға өрмелейді, тау шаңғысы мен қар көшкініне даярлық курсынан өтеді, таулы аймақтарда өмір сүру машықтарын үйренеді. Екінші бағыт — тауда әскери іс-қимылды жүргізу даярлығы.


Еске сала кетсек, Абай шыңы — Кіші Алматының батыс шоқыларында  Іле Алатау сілемдерінің жотасында орналасқан. Бұл Қазақстандағы көркем және биік тау шыңдарының бірі. 
әскери әскери әскери әскери

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера