Қазақстандық әскерилердің Иракқа жіберілуі ҚР мен араб мемлекеттері арасындағы қарым-қатынасқа нұқсан келтірмейді - Қ.Тоқаев - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық әскерилердің Иракқа жіберілуі ҚР мен араб мемлекеттері арасындағы  қарым-қатынасқа нұқсан келтірмейді - Қ.Тоқаев

Қазақстандық әскерилердің Иракқа жіберілуі ҚР мен араб мемлекеттері арасындағы қарым-қатынасқа нұқсан келтірмейді - Қ.Тоқаев

Қазақстандық әскерилердің Иракқа жіберілуі ҚР мен араб мемлекеттері арасындағы қарым-қатынасқа нұқсан келтірмейді. Бұл туралы бүгін, 23-сәуірде Мәскеуде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер cыртқы істер министрлерінің кеңесінен кейін Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев мәлімдеді,- деп хабарлайды Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігі.

  • 23 Сәуiр 2004
  • 426
Фото - Caravan.kz

Ол «халықты жаппай қырып жоюға арналған қарудың жоқтығын алға тартқан Қазақстан Иракқа қарсы коалицияға біріккен жоқ» деп атап өтті. «Ирактағы ұрыс қимылдары аяқталғаннан кейін Қазақстан бұл елге таза қайырымдылық мақсатпен саперлер батальонын жіберген»,- деді Қ.Тоқаев.

Оның айтуынша, қазақстандық саперлер осы мерзімде 1 миллионнан астам оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды жою арқылы «Ирактың бейбіт тұрғындарының өмірін сақтап қалуға үлес қосты».