Қазақстандық «Астана» командасы «Дакар» раллиінде жалпы есептегі 3-орынды сақтап қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық «Астана» командасы «Дакар» раллиінде жалпы есептегі 3-орынды сақтап қалды

Қазақстандық «Астана» командасы «Дакар» раллиінде жалпы есептегі 3-орынды сақтап қалды

«Дакар» раллиінің 11-кезеңінен кейін, қазақстандық «Астана» командасы жалпы есептегі 3-орынды сақтап қалды,

  • 13 Қаңтар 2012
  • 373
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды жарыстың ресми сайты.

Кеше, 11-кезеңде Артур Ардавичустың жүк көлігі мәреге кезең жеңімпазы — ресейлік Андрей Каргиновтан 22 минут 44 секундқа қалып келді. Еске сала кетейік, қазақстандық экипаж бұның алдында, 10-кезеңде жеңіске жеткен болатын. Аталмыш жарыстан кейін А. Ардавичус жалпы есептегі 3-орынды сақтап қалды. Алайда тізімнің көш басында келе жатқан Жерар де Рой арасындағы уақыт айырмашылығы 1 сағат 20 минутқа дейін ұзарды.

Ардавичустың екінші орын үшін басты бақталасы Ханс Стейси 11-кезеңде мәреге екінші келіп, жерлесімізден 19 минутқа озып кетті. Ралли-рейдтің аяқталуына дейін 3 кезең бар. Бүгін 13 қаңтарда командалар Перудің Арекипа мен Наска таулары арасындағы аралықты жүріп өтеді.