Қазақстандық ата-аналар мектеп мен балабақша өкілдері халық санағынан өтуді талап етіп жатқанын айтып, шағымдануда - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық ата-аналар мектеп мен балабақша өкілдері халық санағынан өтуді талап етіп жатқанын айтып, шағымдануда

Қазақстандық ата-аналар мектеп мен балабақша өкілдері халық санағынан өтуді талап етіп жатқанын айтып, шағымдануда

Қазақстандық мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілерінің ата-аналары мұғалімдер мен тәрбиешілер халық санағынан өтуді талап етуде екенін айтып, наразылықтарын білдіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

  • 15 Қыркүйек 2021
  • 77
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы хабарламалар әлеуметтік желілерде таралуда.

Ата-аналардың айтуынша, мұғалімдер сауалнама сұрақтарына тез-тез жауап беріп, хабарландырудың нөмірін айтуы тиіс. Мұғалімдер өз кезегінде бұл бұйрық екенін айтқан.

Білім және ғылым министрлігі (БҒМ) мұндай ақпараттың таралуына қатысты түсініктеме берді.

“БҒМ бұйрығында мұндай талаптар жоқ”, – деп нақтылады баспасөз қызметі.


Ұлттық статистика бюросының ресми өкілі Бюро тарапынан мұндай талаптар жоқ екенін атап өтті.

“Біз өз тарапымыздан мұндай талап қоймаймыз, –  деп мәлімдеді ведомствода.

Айта кетейік, 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда халық санағы басталды. Ол 15 қазанға дейін онлайн өтеді. 1-30 қазан аралығында санақ офлайн өтеді.