Қазақстандық АТФбанкі 2004-жылдың 1-тоқсанында Қырғыз Энергобанкінің 53 проценттік акциясын сатып алуды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық АТФбанкі 2004-жылдың 1-тоқсанында Қырғыз Энергобанкінің 53 проценттік акциясын сатып алуды жоспарлап отыр

Қазақстандық АТФбанкі 2004-жылдың 1-тоқсанында Қырғыз Энергобанкінің 53 проценттік акциясын сатып алуды жоспарлап отыр

Қазақстандық АТФбанкі 2004-жылдың 1-тоқсанында Қырғыз Энергобанкінің 53 проценттік акциясын сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін, 26-қыркүйекте АТФбанкі басқармаларының төрағасы Еркебұлан Оқаев хабарлады.

  • 26 Қыркүйек 2003
  • 446
Фото - Caravan.kz

«Қазір біз Қырғызэнергобанкі тіркеткен 7-ші акциялар эмиссиясын сатып алғалы отырмыз»,- деді Е.Оқаев.

Оның айтуынша, Қырғыз банкін сатып алу жөніндегі келіссөздер аяқталу сатысында. «Қазір біз негізгі принциптер тұрғысында мәмілеге келдік. Ендігі кезекте екі елдің Ұлттық банктерінің рұқсатын рәсімдеуге бағытталған техникалық жұмыстар ғана қалды»,- деді АТФбанкі басқармаларының төрағасы.
«Біз Қырғызстанның даму перспективасын жоғары бағалаймыз. Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өткен Қырғызстанда жақсы либералдық сипаттағы валюталық сектор қалыптасқан, ауқымы үлкен болмаса да , өсу ағымы жақсы «,- деді Е.Оқаев.
Оның айтуынша, АТФБанкі Қырғызстанға өз технологиялары мен стандарттарын шығармақ ниетте. Қазіргі таңда көптеген көрсеткіштері бойынша, Қырғызэнергобанкі осы елдегі таңдауды бес банктің қатарына енген.

Соңғы жаңалықтар