Қазақстандық ӘТК жауынгерлік кораблі теңіз биатлонында екінші орынды қанжығасына байлады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық ӘТК жауынгерлік кораблі теңіз биатлонында екінші орынды қанжығасына байлады

Қазақстандық ӘТК жауынгерлік кораблі теңіз биатлонында екінші орынды қанжығасына байлады

Каспий теңізінің су айдынында «Каспий теңізі - 2015» алғашқы халықаралық теңіз дағдысы байқауы мәре сызығына келіп жетті, деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

  • 11 Тамыз 2015
  • 483
Фото - Caravan.kz

«Сарыарқа» қазақстандық зымыран-артиллериялық кораблінің экипажы сайыста екінші орын алды. Бірінші орынды «Град Свияжск» шағын артиллериялық корабліндегі Ресей ӘТК әскери теңізшілері еншілесе, үшінші орынды Әзербайжан ӘТК «G-124» суүсті кораблінің экипажы місе тұтты.

Жеребеге сәйкес, біздің командамызға байқаудың әрбір сынағын бірінші бастау тапсырмасы бұйырды. Алайда, бірінші болып өнер көрсетіп, теңізшілеріміз қалған командаларға жақсы деңгей және қарқын берді және сайыс бойы көшбасшылық позициялардың бірін ұстап тұрды.

Олар корабльді басқару, халықаралық жүйеге сәйкес жарық беру белгілерін қабылдау және тарату, әуе, теңіз және суүсті нысаналары бойынша оқ ату, апатқа ұшыраған корабльді және борт сыртында қалып қойған жолаушыларды құтқаруда шеберліктерін көрсетті.


13 тамызда «Каспий теңізі — 2015» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты рәсімі өтетінін айта кетейік. Ал одан кейін корабльдеріміз теңізге шығып, қазақстандық жағалауға жөнелтілетін болады.

2

Соңғы жаңалықтар