Қазақстандық әуе тасымалдаушы компаниялар 14 жаңа бағытты іске қосады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық әуе тасымалдаушы компаниялар 14 жаңа бағытты іске қосады

Қазақстандық әуе тасымалдаушы компаниялар 14 жаңа бағытты іске қосады

Қазақстан Президентімен кездесу барысында премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр алдағы уақытта 14 жаңа бағыт іске қосылатындығын айтты.

  • 5 Ақпан 2020
  • 29
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанда «ашық аспан» жүйесін құру жөнінде атқарылған жұмыстар туралы баяндалды. Биыл Қатар, Польша, Оман, Беларусь, Малайзия, Румыния, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт секілді елдердің танымал әуе компаниялары 14 жаңа бағыт ашады деп жоспарлануда. Швейцария, Оңтүстік Корея, Сингапур, Латвия, Литва елдеріндегі авиация саласының басшылығымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Роман Скляр мемлекет басшысының 2019 жылғы тапсырмалары орындалып, нәтижесінде жаңа 12 бағыт – Елордадан Прагаға, Ұлан-Батырға және Токиоға рейстер ашылғанын хабарлады.

Президент мүдделі мемлекеттермен арадағы әуе қатынастарын кеңейтуді, сондай-ақ, Қазақстанның негізгі әуежайлары арқылы өтетін жүк тасымалының көлемін ұлғайтуды тапсырды.


Қасым-Жомарт Тоқаев авиация саласындағы бәсекелестікті арттырудың маңыздылығын атап өтіп, оның жолаушыларға қызмет көрсету сапасына және азаматтық авиацияны дамытуға оң әсер ететінін айтты.

Соңғы жаңалықтар