Қазақстандық әуесқой спортшылар Әбу-Дабидегі триатлоннан әлемдік жарыстарға қатысуда - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық әуесқой спортшылар Әбу-Дабидегі триатлоннан әлемдік жарыстарға қатысуда

Қазақстандық әуесқой спортшылар Әбу-Дабидегі триатлоннан әлемдік жарыстарға қатысуда

 Жұма күні Әбу-Дабиде (БАӘ) «ITUWorldTriathlon» жарысы өтеді. Бұл 2015 жылға жоспарланған триатлоннан әлемдік сериядағы он жарыстың бірі.

  • 6 Наурыз 2015
  • 540
Фото - Caravan.kz

Триатлон — спорттың үш түрін — суға жүзу, велосипедпен жарысу, жүгірудің басын қосқан спорт түрі. Әбу-Дабидегі жарыстар үш қашықтықта өтеді: спринт қашықтығы — 500 метрге ашық суда жүзу,  20 шақырымдық велосипед жарысы, 5 шақырымға — жүгіру; Олимпиадалық қашықтық — 1,5 шақырымға ашық суда жүзу, 40 шақырымдық веложарыс, 10 шақырымға жүгіру; үлкен қашықтыққа жарыстар — 2 шақырымға ашық суда жүзу, 80 шақырымдық веложарыс және 20 шақырымға жүгіру.

Жарыстарға бүкіл әлемнен барлығы екі мыңнан астам әуесқой спортшылар, сондай-ақ жүзге тарта кәсіби триатлеттер, соның ішінде триатлоннан Олимпиада жүлдегерлері қатысады.

Алғаш рет қазақстандық әуесқой, кәсіби емес спортшылар бұл жарыстарға ұйымшылдықпен қатысуда.

Қазақстандық әуесқойлық триатлон федерациясының қамқоршылығымен 30-дан астам әуесқой спортшы барлық қашықтықта және барлық жас санаттарында сайыстарға түседі.

Қазақстандықтардың көпшілігі олимпиадалық қашықтыққа қатысуға тіркелген. Қазақстандық әуесқойлық триатлон федерациясы — 2014 жылғы желтоқсанда құрылған қоғамдық ұйым.

2015 жылы ақпанда Алматы қаласы федерациясының бастамасыммен алғашқы жалпықалалық INDOOR триатлон өтті, онда бассейнде жүзу, велотренажерде сайысу, жолға жүгіру жарыстары болды. Осы жарыстың жеңімпазы Шымкент қаласынан Сардарбек Бектаев та федерация қолдауымен Әбу-Дабидегі жарыстарға қатысады. Жарыстарға сондай-ақ әлемге белгілі қазақстандық альпинист, әлемнің барлық сегізмыңдық шыңдарын бағындырған Мұрат Жұмаев та қатысып, триатлонда бағын сынамақ.


Жарысқа жанкүйер ретінде Гиннесстің рекордтар кітабының жеті дүркін рекордшысы, әлемнің ірі шөлдерін жекелей басып өткен марафоншы, халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Қазақстандық әуесқой триатлон федерациясының вице-президенті Марат Жыланбаев та аттанды. 

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера