Қазақстандық авиаторлар Қырғызстандағы Чычқан шатқалындағы өртті сөндіруге қатысуда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық авиаторлар Қырғызстандағы Чычқан шатқалындағы өртті сөндіруге қатысуда

Қазақстандық авиаторлар Қырғызстандағы Чычқан шатқалындағы өртті сөндіруге қатысуда

Қазақстандық авиаторлар екінші күн бойы Жалалабад облысында Чычқан шатқалындағы өртті сөндіру жұмыстарына қатысуда,

  • 21 Тамыз 2015
  • 352
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады жұма күні КирТАГ агенттігіне ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

«Кеше Қазақстаннан шыққан  МИ-26Т тікұшағы сағат 15:00-де келіп жетті. Сағат 18:00 мен 19:30 арасында ол өрт учаскесіне 4 рейс (барлығы 24 тонна су) жасады. Ал бүгін экипаж екі рейс жасап үлгерді», — деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Өртті сөндіруге 700-ден астам адам жұмылдырылған. Жалын шарпыған жалпы аумақ 100-120 га құрап отыр, соның ішінде бір учаске — 40 га жердегі өрт сөндірілді. Екі елдің ТЖМ арасындағы келісушіліктің негізінде қазақстандық әріптестер тікұшақтарын тегін ұсынды, біз оларды тек жанар-жағармаймен  қамтамасыз етіп отырмыз», — деп түсіндірді министр Құбатбек Боронов.

Еске сала кетейік, Чычқан шатқалында орналасқан Уу-Таш учаскесіндегі орман өрті 13 тамызда басталды. 


Соңғы жаңалықтар