Қазақстандық аяқдопшылар «Достастық кубогі» турнирінде өзбекстандықтарға есе жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық аяқдопшылар «Достастық кубогі» турнирінде өзбекстандықтарға есе жіберді

Қазақстандық аяқдопшылар «Достастық кубогі» турнирінде өзбекстандықтарға есе жіберді

- Ресейдің Санкт-Петербор қаласында футболдан 21 жасқа дейінгі жастар құрамалары арасында өтіп жатқан ТМД мен Балтық жағалауы елдерінің дәстүрлі "Достастық кубогі" турнирінде қазақстандықтар алғашқы жеңілістің дәмін татты.

  • 21 Қаңтар 2013
  • 386
Фото - Caravan.kz

Олар «В» тобындағы екінші кездесуде Өзбекстан құрамасына 0:1 есебімен ұтылды. Онда аға бапкер Сергей Боровский жетекшілік еткен қазақстандықтар Асылбек Аманов қорғаған қарсыластар қақпасына бірнеше қауіпті соққы жасағанмен, оның «кілтін» аша алмады. Ал өзбекстандықтар сапынан Жәмшид Искандеровтың ойынның екінші жартысында ашқан есебі, кездесудің аяғына дейін өзгеріссіз қалды. Дегенмен, Қарағандының «Шахтерінен» шақырылған және Қырғыз құрамасымен болған алғашқы ойында үздік ойыншы атанған Сергей Ткачук өз қақпасына төнген бірнеше сәтте шеберлік танытты.

Жалпы алғашқы кездесуде Қазақстан футболшылары Қырғыз құрамасын 3:1 есебімен ұтқан болатын. Ал өзбектер жарыс қожайындарымен 2:2 есебімен тең түскен еді. Бүгін енді қырғыздар орыстармен кездеседі. Топтық кезеңнің ақтық ойынын одан кейін қырғыздар өзбектермен, ал қазақтар орыстармен өткізеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера