Қазақстандық балет әртісі Түркияда бас жүлдені иеленді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық балет әртісі Түркияда бас жүлдені иеленді

Қазақстандық балет әртісі Түркияда бас жүлдені иеленді

Қазақстан балетінде жанып келе жатқан жарық жұлдыз, «Астана Опера» театрының жетекші солисі Бақтияр Адамжан Стамбұлда өткен Балет әртістерінің V халықаралық конкурсында бас жүлдені қанжығасына байлады.

  • 14 Шiлде 2016
  • 463
Фото - Caravan.kz


13 шілдеде салтанатты Гала-концерт өтіп, Бақтияр Адамжан мен финалға шыққандар конкурс репертуарынан номерлер ұсынды. Конкурс күндері отандасымыз Стамбұл сахнасында «Дон Кихот», «Баядерка», «Париж жалыны» сияқты классикалық балеттерді орындады. Сонымен қатар, Бақтияр Сиязбек Уәлибековтің «Менің бөлігім» және Исян Чжанның «Ояну» атты екі заманауи номерді орындады. Конкурстық бағдарламаның төрт классикалық вариациясын дайындаумен «Астана Опера» балеттік труппасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің халық әртісі Алтынай Асылмұратова мен педагог-репетитор, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Константин Заклинский айналысты.

 

Перейти к новостям спорта