Онда аға бапкер Манарбек Қыстаубаевтың шәкірттері 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль олжалады. Бұл байрақты бәсекеде ирандықтардан Араш Дангесараки (60 кг), Алиасхар Жабали (66 кг), Махаммаджавад Ебрахимизивлаей (84 кг), Авали Абдоллах Гхоми (120 кг), қазақстандықтардан Владимир Кудрин (50 кг), Азамат Шағапұлы (55 кг), Әбубәкір Торғаев (74 кг) Азия чемпионы атанды. Қазақстандықтардан сондай-ақ, Болат Сакаев (66 кг) күміс, Мейіржан Аширов (60 кг) пен Олег Болтин (120) қола жүлдегер атанды.