Қазақстандық балық зауыты Оралға қортпа балықтың 3,5 млн шабағын жіберді
Атырауда бекіре балық зауыты бейсенбіде Орал өзеніне қортпа балықтың 3,5 млн шабағын жіберді, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне кәсіпорынның директоры Рашидин Калидуллин. "Жасанды жолмен ұрықтандырылған шабақтар- 45 тәуліктік, салмақтары 12-15 грамм", деді Р.Калидуллин. "Биылғы жылға белгіленген бекіре тұқымдас 7 млн шабақ көлеміндегі мемлекеттік тапсырысты зауыт ойдағыдай орындайды деп ойлаймын" деді ол. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін