Ұлттық валютадағы кредиттер бір айда 8,9% көбейді және 860,6 млрд. теңге болды, ал шетел валютасымен кредиттер 2,7% өсіп, 855,5 млрд. теңге болды. Нәтижесінде теңгелік кредиттердің жеке үлес салмағы 2004 жылғы наурызбен салыстырғанда 48,7%-дан 50,1%-ға дейін өсті.
Ұзақ мерзімді сияқты, қысқа мерзімді кредиттердің өсу үрдісі байқалады. Ұзақ мерзімді депозиттер 5,1%-ға өсіп, 1141,4 млрд. теңге болды, ал қысқа мерзімді кредиттер 6,9%-ға өсіп, 574,7 млрд. теңге болды. Жалпы алғанда ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы 66,9%-тен 66,5%-ке дейін төмендеді.
Банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттері 2005 жылғы сәуірде 2005 жылғы наурызбен салыстырғанда 8,0%-ға ұлғайып, 334,4 млрд. теңге болды.
Экономикаға банктердің кредиттері бойынша негізгі борыштың жалпы көлемі 2005 жылғы сәуірде 5,7% көбейіп, 1716,1 млрд. теңге болды.