Оның пікірінше, қазақстандық банктер үшін Қырғызстан аумағындағы іс-қызмет үстеме пайда әкелуде. Қазақстандық банктердің Қырғызстанда үстеме пайда табатын жөні бар, өйткені онда олар үшін салық тұрғысында аса қолайлы жағдайлар жасалған, дейді депутат. М.Мұқашевтің пікірінше, қазақстандық банктер үшін «мұнда пайда табу өз үйіндегімен салыстырғанда өте оңай».
Қырғызпромстройбанкінің басшысы осы орайда Қазақстандық банктердің жоғары даму деңгейінде екенін мойындады. «Әрине, бұл бәсекелестік үшін жақсы шығар, дейтұрғанмен, басты мақсат — отандық банктерді дамытуға бағытталуы тиіс»,- дейді ол.
М.Мұқашевтің пікірінше, Қазақстандық банктер қырғыз банктерін өзіндік құнынан мүлдем арзан бағаға сатып алуда.
Парламент депутатының пікірінше, Қырғызстан Ұлттық банкі тарапынан коммерциялық банктердің іс-қызметін тәуелсіз қадағалау жолға қойылмайынша, Қырғызстанда банк бизнесін дамыту мәселесі шешілмейді.