Қазақстандық белгілі спорт журналисі Альберт Краснов дүниеден озды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық белгілі спорт журналисі Альберт Краснов дүниеден озды

Қазақстандық белгілі спорт журналисі Альберт Краснов дүниеден озды

Дүйсенбі күні белгілі қазақстандық спорт журналисі Альберт Краснов дүниеден озды.

  • 21 Маусым 2011
  • 475
Фото - Caravan.kz

«Өткен дүйсенбіде 80-тен жастан асқан шағында белгілі қазақстандық спорт журналисі Альберт Павлович Красновдүниеден озды», — деп хабарлады ҚазТАГ-қа сейсенбі күні оның достары.

А. Краснов 50-ші жылдардың басында атақты жаттықтырушы Николай Старостиннің басшылығымен алматылық «Динамо» мен «Локомотив» командаларында ойнады. 1957 -1961 жылдары «Қайраттың» құрамында өнер көрсетті.

Ол өзінің алғашқы мақалаларын футбол алаңында жаза бастады. Алдағы ғұмыры бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты болды. Ол «Спорт» республикалық газетінің бас редакторы, «Советы Казахстана» газетінің спорттық ақпарат бөлімінің редакторы, «Простор» әдеби журналының жауапты хатшысы болды. 1997 –2001жылдары «Комсомольская правда -Казахстан»газетінің спорт шолушысы.

А. Краснов БАҚ-тағы қызметі барысында ЮрийЛифинцев, АнатолийНиколенко, Сырым Ержанов сынды спорт журналистерін тәрбиелеп шығарды.

Соңғы жаңалықтар