Бұл туралы Спорттық жекпе-жек және спорттың күш қолданылатын спорт түрлері федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.
Астана қаласының әкімдігі Конфедерацияның қолдаухатымен тұрғын үй қорынан төрт спортшыға жалдамалы тұрғын үй берді. Жаңа пәтер кілтін салтанатты жағдайда Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев табыстады. Қоныс тойын тойлаушылардың ішінде Олимпиада ойындарының жеңімпазы Гузель Манюрова, бокстан 2014 жылғы Азия Ойындарының жеңімпазы Ілияс Сүлейменов, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ләззат Күнгейбаева, Азия Ойындарының жүлдегері, Азияның үш дүркін чемпионы Татьяна Аманжол бар.
Сондай-ақ, бұл күні Ләззат Күнгейбаеваға «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді. Куәлікті Конфедерация төрағасы Тимур Құлыбаев табыстады.
Пәтер иеленгендердің бірі Ілияс Сүлейменов тұрғын үй жас отбасыларға баға жетпес сыйлық болғанын айтты.
«Өткен жылы ұлым дүниеге келген. Бұл сондықтан, біз үшін ерекше оқиға. Енді өз үйіміз бар. Өте бақыттымын. Астана қаласының әкімдігі мен Конфедерацияға алғысым шексіз», — деді ол.
Конфедерация төрағасы Тимур Құлыбаев Астан қаласының әкімі Ә. Жақсыбековке спортқа жан-жақты қолдау көрсеткені, спортшыларға тұрғын үй бергені үшін алғыс білдірді, ал спортшыларға табыс, жеңіске жете беруді тіледі.