Үздік уақыт (48 минут 29 секунд) норвегиялық Тарьяй Бенің еншісінде. Қазақстандық одан үш жарым минутқа қалып қойды. Күміске қол жеткізген ресейлік Максим Максимов Бе көрсеткен уақыттан 40 секунд қалыс келсе, үшінші орынға қол жеткізген Кристоф Зуманн 45,5 секунд кешігіп жетті.
Осы сында тағы бір жерлесіміз Сергей Наумик 73-орын алса, Диас Кенешов мәре сызығын — 76-шы, Ян Савицкий — 81-ші болып қиды. Додаға 120-дан астам спортшы қатысты.