Қазақстандық білім кәсіподағы арыстықтарға 5 млн теңге аударады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық білім кәсіподағы арыстықтарға 5 млн теңге аударады

Қазақстандық білім кәсіподағы арыстықтарға 5 млн теңге аударады

Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы 5 000 000 (бес миллион) теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетеді. Бұл туралы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 28 Маусым 2019
  • 12
Фото - Caravan.kz

Аталған ұйымyың төрайымы Майра Амантаеваның айтуынша, Арыс қаласында ұстаздар кәсіподағының 4600 мүшесі тұрады және жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, ұстаздар кәсіподағының барлық облыстағы ұйымдары да қаржылай көмекті арнайы ашылған есеп-шотқа аударуды бастап кетті.

Айта кету керек, 95 жылдық тарихы бар Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы елдегі ең ірі қоғамдық ұйым болып есептеледі. Аталған кәсіподақ құрамында 700 мыңнан астам мүшесі бар.


Соңғы жаңалықтар