Қазақстандық бірнеше банктің серверлеріне хакерлік шабуыл жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық бірнеше банктің серверлеріне хакерлік шабуыл жасалды

Қазақстандық бірнеше банктің серверлеріне хакерлік шабуыл жасалды

Соңғы тәулікте қазақстандық бірнеше банктің серверлеріне белсенді түрде хакерлік шабуылдар жасалып жатыр, оның ішінде Homebank интернет-порталы бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Qazkom банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 28 Қыркүйек 2017
  • 178
Фото - Caravan.kz


Қаржы институты мамандарының 2017 жылдың 28 қыркүйегінде бір уақытта бірнеше IP-ден келген жалған сауалнамалар түріндегі Ddos хакерлік шабуылды тіркегені айтылады. Айтуларынша, бұл порталдың жұмысын бұғаттап тастайды.

"Сайтты және сіздердің шоттарыңызды кепілді түрде қорғау үшін банк мамандары хакерлердің әрекетін бейтараптандыру мақсатында барлық қажетті шараны қолданып жатыр. Осыған байланысты операциялар кеш жүргізіліп жатса немесе сайт уақытша істемей қалса, сіздерден кешірім сұраймыз. Біз Homebank жұмысын қалпына келтіру үшін барлығын жасап жатырмыз және осы жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын", — деді банктегілер.