Қазақстандық Бішкек маңында 1-сынып оқушысын қағып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық Бішкек маңында 1-сынып оқушысын қағып өлтірді

Қазақстандық Бішкек маңында 1-сынып оқушысын қағып өлтірді

Бішкек маңында қазақстандық нөмірмен жүрген жүк көлігінің жүргізушісі мектептен қайтып бара жатқан 1-сынып оқушысын қағып өлтірді.

  • 6 Желтоқсан 2018
  • 7
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz "Вечерний Бишкек" басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Қайғылы оқиға 5 желтоқсанда күндізгі уақытта Ленин ауылы Бішкек — Қордай тасжолында болған.

"Қыз жолдың шетінде аялдама жақта тұрған. Оны өтіп бара жатқан жүк көлігі қағып кетті. Бала оқиға орнында қаза болды", — деп хабарлады милициядағылар.

Жүк көлігінің тізгінінде Қазақстан азаматы болған. "Ер адам жол апаты болған жерден қашқан жоқ. Ұсталды. Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның себебін анықтап жатыр", — дейді басылымдағылар. 

Kaktus.media куәгерлерге сілтеме жасап отырып, жүк көлігінің қыз баланы 20-30 метр жерге ұшырып жібергенін айтады. Басылымның мәліметінше, ер адам оқиға орнынан жасырынбақ болған, алайда оны кәмелетке толмағандар ісімен айналысатын инспекция қызметкері ұстаған.


 

Соңғы жаңалықтар