Қазақстандық бітімгершілер Иракта 30 мыңнан астам оқ-дәріні жойды - ҚР Қорғаныс министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық бітімгершілер Иракта 30 мыңнан астам оқ-дәріні жойды - ҚР Қорғаныс министрі

Қазақстандық бітімгершілер Иракта 30 мыңнан астам оқ-дәріні жойды - ҚР Қорғаныс министрі

Ирактағы Қазақстандық бітімгершілер 30 мыңнан астам оқ-дәріні жойды. Бұл туралы бүгін, 24-қыркүйекте Астанада ҚР Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев журналистерге хабарлады.

  • 24 Қыркүйек 2003
  • 477
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Иракта бейбіт мақсатта қызмет етіп жатқан Қазақстандық жауынгерлердің жағдайы жақсы. Осы орайда жауынгерлердің соғысу үшін емес, халыққа қолғабыс жасау үшін аттанғанын айтқан ҚР Қорғаныс министрі бітімгершілердің тиісті дайындықтан өтіп, жақсы орналасқанына журналистерді сендірді.

«Бұл — бітімгершілік миссия, әрі бізге осындай тәжірибе қажет» ,- деп атап көрсеткен қорғаныс министрі жауынгерлердің Иракқа өз еркімен аттанғанына тағы бір тоқталды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Қазақбатальоны» инженерлік-саперлік отряды екі топқа бөлініп 19 және 20-тамызда Кувейтке ұшып кеткен болатын. Мұнда бітімгершілер күн райының өзгерісіне бейімделу сатысынан өтті. Отряд Бағдад қаласынан солтүстік-шығысқа қарай Иран шекарасына таяу жердегі поляктарға қарасты аймақта орын тепкен. Украиналық бітімгершілік топ та осы аймақта орналасты . Қазақстандық бітімгершілік топтың басты мақсаты — жарылғыш заттар құрылған алаңдарды залалсыздандыру және ауыз су көздерін табу болып табылады.

Соңғы жаңалықтар