Қазақстандық бітімгершілер мен Ирактың жергілікті тұрғындары арасында жақсы қарым-қатынас орнады - ҚР қорғаныс министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 521.81
  • 543.67
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық бітімгершілер мен Ирактың жергілікті тұрғындары арасында жақсы қарым-қатынас орнады - ҚР қорғаныс министрі

Қазақстандық бітімгершілер мен Ирактың жергілікті тұрғындары арасында жақсы қарым-қатынас орнады - ҚР қорғаныс министрі

Қазақстандық бітімгершілік батальонының Ирактағы инженерлік -саперлік отряды мен Ирактың жергілікті тұрғындары арасында жақсы қарым-қатынас орнады. Бұл туралы ҚР қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев бүгін, 26-қыркүйекте өткен қысқаша баспасөз мәслихатында хабарлады.

  • 26 Қыркүйек 2003
  • 440
Фото - Caravan.kz

Министрдің айтуынша, оның тапсырмасы бойынша қазақстандық бітімгершілер «өздерінің соғысу үшін емес, қолұшын беруге келгенін айғақтап» жергілікті тұрғындармен етене жақын қарым-қатынас орнатуда. М.Алтынбаевтың айтуынша, мұндай саясат өзіндік жемісін беріп те үлгерді. Мәселен, жегілікті тұрғындар отряд басшылығынан жәрдем сұрап келе бастаған . Олар бұрынғы шиеленістен қалған жарылғыш заттарды залалсыздандыруды сұрап қауіпті учаскелерді көрсететін көрінеді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстандық бітімгерші бөлімше Иракқа тамыз айының соңында келген. Инженерлік-саперлік отряд 5-қыркүйекте жұмысқа кірісті. Осы мерзімде Қазақстандық бітімгершілер 30 мыңнан астам жарылғыш затты залалсыздандырды.
Отряд Бағдад қаласынан солтүстік-шығысқа қарай Иран шекарасына таяу жердегі поляктарға қарасты аймақта орын тепкен. Қазақстандық бітімгершілік топтың басты мақсаты — жарылғыш заттар құрылған алаңдарды залалсыздандыру және ауыз су көздерін табу болып табылады.