Қазақстандық бизнес кәсіптік білім беру саласына инвестиция жұмсамай отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық бизнес кәсіптік білім беру саласына инвестиция жұмсамай отыр

Қазақстандық бизнес кәсіптік білім беру саласына инвестиция жұмсамай отыр

Қазақстандық бизнес құрылымдар техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту ісіне қатысуға мүдделі емес, деп мәлімдеді республиканың білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

  • 26 Қыркүйек 2014
  • 539
Фото - Caravan.kz

"Бағдарламаларды әзірлеудің бюрократиялық жүйесі колледждерге бизнес-құрылымдардың сұраныстарын жылдам ескеруге мүмкіндік бермейді. Жұмыс берушілердің өздері де кадрларды дайындау жөніндегі оқу процесіне қатысуға мүдделі емес", деді ол сенатта жұмада "Орта техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту жағдайы мен келешегі және оны заңды түрде қамтамасыз етудің шаралары" деп аталатын конференция барысында.

Техникалық және кәсіптік білім берудің кадрлық әлуеті де бизнестің сұранысына толық сай емес.

"Колледждердегі ұстаздардың өндірістік тәжірибесі жоқ. Негізгі себептердің бірі-өндіріспен салыстырғанда техникалық және кәсіптік білім беру саласында жалақының төмен екендігі. Тәжірибелі өндірісшілер сабақ беруге ынталы емес. Ал дамыған елдерде ол үшін барлық жағдайда жасалған", деді министр

"Бүгінде 14-24 жас арасындағы 633,2 мың жастың, олар 20% құрайды, 94 мың адамы ешқандай жұмыс істемейді", деді ол.


" Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі жастардың 17% (562 мың) ғана қамтып отыр, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 244,4 мың адам", деді министр.

Қазақстанда 849 колледж бар.