Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жобаны қаржыландыруға "Қазақстан халықтық жинақ банкі" АҚ, "Capital Partners", "Технодом" сынды т.б. компаниялар келісім берді.
"Келесі жылы хайуанаттар бағының ашылғанына 80 жыл толады. Өткен жылы баққа 420 мың адам барған. Бұл жалпы жаман көрсеткіш емес. Бірақ жылына 1 млн адамға дейін келген кездер болды. Саябақты жаңғыртқаннан кейін осы көрсеткішке тағы қол жеткізуге болады деп ойлаймын", — деді əкім Ахметжан Есімов.
Жобаны Берлин, Дубай сынды қалалардағы хайуанаттар бағы жобасының авторы Питер Разбахтың архитектуралық бюросы дайындап жатыр.