Қазақстандық блогер: Қазақ болу қиын емес, Борат болмау қиын - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық блогер: Қазақ болу қиын емес, Борат болмау қиын

Қазақстандық блогер: Қазақ болу қиын емес, Борат болмау қиын

Youtube желісіндегі белгілі блогер Әли Ибрагимов өз арнасына Борат туралы видеоролик жариялап, өз ойын ашық айтты.

  • 16 Қыркүйек 2020
  • 126
Фото - Caravan.kz

Видео барысында ол Борат кейіпкерінің қазаққа ұқсастығы туралы айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Бораттың қазақ азаматымен ешқандай ұқсастығы жоқ. Сондықтан, Саша Коэнге ренжудің мәні аз. Соңғы кездері интернет желілерінде жаңалықты жыламай оқу мүмкін емес сияқты. Біздің азаматтарды өшпес зұлым жаулап алып жатқандай. Бораттың бойында бар қасиеттер бізде бар ма? Борат еврейлерді жек көреді, ал біз ше? Біздің бойымызда ұлтшылдық бар ма? Мысалы, Қордайда болған жағдайда басқа ұлттарға деген мейірімділікті біз өзіміздің бойымыздан көрсете білдік пе? Ал қазақ әйелдері ше? Біздің қоғамымызда олардың орны қандай? Біз сол Борат сияқты қазақ қыздарын ұрлап, оларға зорлық көрсетпейміз бе? Біз сол Борат сияқты әйелдерімізді құлға теңемейміз бе? Мұның бәрін мен ойдан алып тұрған жоқпын. Қазақ қоғамында әйел адам өзін тіпті қолға теңейді. Осы жағдайларды ескере отырып, мен өзіме сұрақ қоямын. Шынында да Борат деген кім? Борат мәдениеті жоқ, білімі жоқ адами қасиеттері төмен дамыған жануарға тең. Ал мен Боратпын ба? Ақтауда кішкентай итбалықты ұрып қашырған кезде, мен Боратпын ба? Күшікті өртегенде, сабағанда, тұншықтырған кезде, мен Боратпын ба? Өз-өзін қорғай алмайтын жас сәбиге немесе әйелге зорлық көрсеткенде, мен Боратпын ба? Білімге ұмтылысым болмаса, мәдениетімді дамытпасам, мен Боратпын ба? Қазақ болу үшін әке-шешеңнің қазақ болып туылғаны ғана керек. Борат болмау үшін білім мен ғылымға, жақсылыққа және мәдениетке ұмтылукерек. Қазақ болу қиын емес, Борат болмау қиын. Сондықтан, егерде сені "Борат" фильмінің екінші бөлімі қатты ызаландырса ойланып көрші, сол Бораттың өзі сен емес пе?", — деді видео барысында Youtube блогер Әли Ибрагимов.


Естеріңізге сала кетейік, жақын арада "Борат" кино фильмінің екінші нұсқасы түсірілетіні туралы ақпарат желіні желдей есіген болатын. Фильмнің әзірге қашан шығатыны белгілісіз, дегенмен фильмде Саша Коэнның ойнайтыны сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар