Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.
Жекпе-жек Мексиканың Тихуана қаласында өткен. Отандасымыз Аида Сатыбалдинова мексикалық боксшы Аннет Пабельоға қарсы шықты.
“Әйелдер арасындағы GGG атанып кеткен Аида WBF нұсқасы бойынша белбеуге ие болды.
8 раундтан кейін, төрешілер бір ауыздан Сатыбалдинованы жеңімпаз деп таныған.
Айта кетейік, 20 сәуір күні Сатыбалдинова мексикалық боскшыны тағы да бір мәрте жеңген болатын.