Аға бапкер Вадим Присяжнюктің айтуынша, онда ел намысын 10 спортшы қорғайды. Олар — Назгүл Боранбаев (48 кг), Әйгерім Асқарова (51 кг), Оксана Королева (54 кг), Дина Жоламан (57кг), Гүлжайна Уббиниязова (60 кг), Саида Хасенова (64кг), Мөлдір Базарбаева (69кг), Дариға Шакимова (75 кг), Марина Вольнова (81 кг) мен Юлдуз Маматкулова (+81кг).
Кіші Антиль аралдары тізбегінде жатқан Барбодос астанасындағы бұл дүбірлі дода 10 күнге созылады. Ұлттық құрама бұл елден Қзақстанға қыркүйектің 21-і күні оралмақ.