Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев американдық Карлос Санчесті нокаутқа жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев американдық Карлос Санчесті нокаутқа жіберді

Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев американдық Карлос Санчесті нокаутқа жіберді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, GGG командасының мүшесі Руслан Мәдиев кезекті рейтингтік жекпе-жегінде өз қарсыласы - американдық Карлос Санчесті нокаутқа түсірді. 

  • 6 Ақпан 2015
  • 378
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  GGG-дің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарланды.

Жекпе-жек Калифорнияда кубалық Майкл Перес пен американдық Дарнелл Уилсонның алдындағы жекпе-жекке орайластырылған бокс кешінің аясында өтті. Руслан бірінші раундта-ақ  қарсыласын есінен тандырды.

Жас әрі болашағынан үміт күттіретін қазақстандық спортшы үшін бұл айқас кәсіби бокстағы үшінші кездесуі.

Естеріңізге сала кетейік, Руслан Абель Санчестің қарамағында ақпанның 21-і күні Монакода Мартин Мюррейге қарсы жекпе-жегін өткізетін Геннадий Головкинмен бірге жаттығып жүр.