Қазақстандық боксшылар Бакудегі әлем чемпионатында тағы төрт жеңіске ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық боксшылар Бакудегі әлем чемпионатында тағы төрт жеңіске ие болды

Қазақстандық боксшылар Бакудегі әлем чемпионатында тағы төрт жеңіске ие болды

- Бакудегі әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар 2 қазан күні төрт жеңісті олжалады, деп хабарлады Қазақстандық бокс федерациясы.

  • 3 Қазан 2011
  • 671
Фото - Caravan.kz

Жексенбі күні Данияр Елеусінов, Әділбек Ниязымбетов, Серік Сапиев және Иван Дычко жеңіске жетті. Дегенмен жеңіліс те болмай қалған жоқ, Олжас Сәттібаев одан әрі жекпе-жектерге қатысудан шығып қалды.

Данияр жапондық Маатсугу Кавачиді 4:14 есебімен, Әділбек кореялық Ким Хионкьюді 14:9 есебімен, Серік Сапиев тайландтық Апичет Сеанситті, Иван Дычко Милутин Станковичті 14:2 есебімен ұтты.

Өкінішке орай біздің спортшымыз Олжас Сәттібаев марокколық Абдельфаттах Нафильге 17:18 есебімен есе жіберді.

Бүгін шаршы алаңда біздің боксшыларымыз Василий Левит Джозеф Вильямспен (АҚШ), Ғани Жайлауов Артем Рамлавспен (Латвия), Данабек Сужанов Артем Маслиймен (Израиль) қолғап түйістіреді.