Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.
Жақыпов 49 келіге дейінгі салмақ санатында финалда Қытайлық ЛВ Биннен күштірек болып, 18:12 есебімен жеңіп шықты. 64 келіге дейінгі салмақ сатында Ақшаловтың шешуші жекпе-жегі аса тартысты өтті. Алтын және күміс медальдар иелерін бір ғана балл (19:18) бөліп тұрды.
Осы жарыстарда Қазақстан сондай-ақ екі қола наградаға да қол жеткізді. Олар Рүстем Сваев (75 келіге дейін) пен Антон Пинчуктің (91 келіге дейін) үлесінде.