Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 4 алтын медаль олжалады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 4 алтын медаль олжалады

Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 4 алтын медаль олжалады

Германияның Одердегі Франкфурт қаласында өткен жастар арасында бокстан «Бранденбург кубогы» халықаралық турнирінде Қазақстан боксшылары 4 алтын мен 1 күміс  медаль еншіледі, деп хабарлады ҚР Бокс федерациясынан.

  • 3 Наурыз 2014
  • 386
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, 56 келіде ел намысын қорғаған Сұлтан Зауырбек чемпион атанды. 60 келі салмақ санатында шаршы алаңға көтерілген Абылайхан Жүсіповке де тең келер ешкім болмады. Сондай-ақ 64 келіде Аян Қалибековтің, 81 келіде Вадим Казаковтың мерейі үстем болды. Ал 91 келіден жоғары салмақ санатында жұдырықтасқан Елдос Қадырбаев финалдық кездесуде Ұлыбритания боксшысына есе жіберді.

Айта кетейік, аталған байрақты бәсекеде Қазақстан боксшылары 10 салмақ санатының алтауында өнер көрсеткен болатын. Турнирге әлемнің 20 елінен 140 былғары қолғап шебері қатысты.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера