Қазақстандық боксшылар Польшада екі «алтын», бір «күміс» пен үш «қола» еншіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
0 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық боксшылар Польшада екі «алтын», бір «күміс» пен үш «қола» еншіледі

Қазақстандық боксшылар Польшада екі «алтын», бір «күміс» пен үш «қола» еншіледі

Қазақстандық екі боксшы Жанна Шекербекова мен Алексей Севастьянов Феликс Штаммның жүлдесі үшін Польшада өткен бокстан белді турнирдің жеңімпаздары болды.

  • 27 Сәуiр 2013
  • 504
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «В Контакте» әлеуметтік желісінде мәлім етілді.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Ж.Шекербекова турнирдің финалында Канада боксшысы Мэнди Бужолдпен кездесіп, оны 10:7 есебімен жеңді.

Қазақстан құрамасының қоржынына екінші «алтынды» салуға Марина Вольнованың мүмкіндігі болды, бірақ ол лаң иесі Лидия Фидурамен өткен шешуші кезеңде 18:10 болып ұтылып, жарыстың күміс жүлдегері атанды.

91 келіге дейінгі салмақтағы ерлер арасында Севастьяновқа тең келгендер болмады. Қазақстандық боксшы финалда юниорлар арасындағы әлем чемпионы, австралиялық вундеркинд Джей Опетайяны 16:10 есебімен жеңді.

Сондай-ақ жарыстың қола жүлдегерлері болып Азат Махметов (52 келі), Ғани Жайлауов (60 келі) пен Мейірім Нұрсұлтановтар (69 келі) атанды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера