Қазақстандық "Центркредит" және Оңтүстік Кореялық "Эксимбанк" арасында несиелік келісімге қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық "Центркредит" және Оңтүстік Кореялық "Эксимбанк" арасында несиелік келісімге қол қойылды

Қазақстандық "Центркредит" және Оңтүстік Кореялық "Эксимбанк" арасында несиелік келісімге қол қойылды

Оңтүстік Кореялық "Эксимбанк" Қазақстандық "Центркредит банкі" ААҚ-на 5 млн. доллардың несиелік желісін ашты,- деп хабарлайды "Центркредит" банкінің баспасөз қызметінен.

  • 21 Шiлде 2003
  • 519
Фото - Caravan.kz

5 жыл мерзіммен берілген несиені «Центркредит» банкі өз клиенттерінің Оңтүстік Кореядан құрал-жабдық әкелу бағытындағы ұзақ мерзімді жобаларын қаржыландыруға жұмсамақшы.

Мұндай келісімге қол қою «Центркредит банкі» ААҚ-ның халықаралық беделінің нығая түскенін дәлелдеумен бірге, екі банк арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына, сондай-ақ, Оңтүстік Корея мен Қазақстан арасындағы өзара тиімді сауда-саттық қатынастарының дамуына түрткі болмақ,- дейді банк өкілдері.
«Центркредит банкі» ААҚ-ның таза пайдасы 2003-жылдың 6 айында өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 3 есе артып 463 млн. теңгені, активтері 30 процентке артып 66,2 млрд. теңгені, жарғылық қоры 64 процентке артып 4,2 млрд. теңгені, жеке капиталы 23 процентке артып 7,6 млрд. теңгені құраған.
«Центркредит банкі» ААҚ еліміздегі жетекші 5 банктің қатарында. 2003-жылдың 1-шілдесіндегі жағдаймен еліміз бойынша банктің 19 салалық бөлімшесі мен 62 есеп-кассалық бөлімшесі жұмыс істейді. Шетел валютасымен салынған банк депозиттері бойынша ол Moodys Investors Service рейтингтік агенттігінің Ва2 ұзақ мерзімді рейтингіне ие. Ал Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Центркредит банкі»-нің ұзақ мерзімді рейтингін В+ деңгейіне дейін көтерген.

Соңғы жаңалықтар