Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Дәрілердің тізімі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында жарияланды. Дене қызуын түсіретін мынадай препараттар:
Парацетамол;
ТераФлю;
Цефекон;
Панадол;
Эффералган
Цитрамон П;
Фервекс және басқалары.
Толық тізім төмендегі суретте көрсетілген.
Еске салайық, бұған дейін бірқатар өңірдегі дәріханаларда вирусқа қарсы дәрілер, оның ішінде парацетамол жоқ болып, шу шыққан.
Кеше денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова таңертеңгі брифингте Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы және Қарағанды облысындағы дәріханаларда 1 шілдеден бастап парацетамол болатынын айтқан. Tengrinews.kz тілшілері екі қаланың дәріханаларын аралап, парацетамол іздеп көрді.