Қазақстандық делегация Ауғанстан жаңа президентінің инаугурациясына барады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық делегация Ауғанстан жаңа президентінің инаугурациясына барады

Қазақстандық делегация Ауғанстан жаңа президентінің инаугурациясына барады

Қазақстан Ауғанстандағы президент сайлауының нәтижелеріне қанағаттанып отыр, деп мәлімдеді СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Тимур Оразаев.

  • 26 Қыркүйек 2014
  • 584
Фото - Caravan.kz

"Қазақстан Ауғанстандағы президент сайлауының нәтижелеріне қанағаттануда, оған орай онда қалыптасқан саяси дағдарыс жемісті түрде шешілді, енді Ауғанстанның жаңа президенті Ашраф Гани Ахмадзай", деді ол Астанада жұмада баспасөз мәслихатында.

"Ол көрнекі саяси қайраткер, халықаралық тәжірибесі мол, ең бастысы, келісім арқылы ішкі саяси дағдарыстың шешімі табылды", деді ол.

Оның айтуынша, қазақстандық делегация Ауғанстан жаңа президентінің инаугурациясына баруды жоспарлауда.


"Инаугурация шаралары 29-қыркүйек күні өтпек. Қазақстандық жақ онда өкілдерін жібермек. Қазір кімнің баратындығы шешілуде, мен де қатысатын болармын", деді елші.