Қазақстандық депутаттар Британия парламентінің сайлауына бақылаушылық жасауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық депутаттар Британия парламентінің сайлауына бақылаушылық жасауы мүмкін

Қазақстандық депутаттар Британия парламентінің сайлауына бақылаушылық жасауы мүмкін

Қазақстандық депутаттар Ұлыбритания парламенті общиналар палатасының сайлауына бақылаушылық жасауы мүмкін. Бүгінде лордтар палатасының өкілдері осы мәселе бойынша парламент басшылығымен келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы бүгін, 16-ақпанда Британияның "Шығыс-Батыс" орталығының директоры Годфри Кромвель ҚР парламенті сенатының әлеуметтік -мәдени даму комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтановпен кездесу барысында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 16 Ақпан 2005
  • 462
Фото - Caravan.kz

Г.Кромвельдің мәліметі бойынша, Британия парламентінің сайлауы 5-мамырға белгіленуі мүмкін. «Біздің елде қалыптасқан дәстүрге сәйкес, ел үкімет басшысы ресми түрде жария етпейінше, нақты сайлау өткізілетін күнді ешкім білмейді»,- деді ол.

Кездесу барысында Г.Кромвель мен Қ.Сұлтанов 2005-жылдың маусым айында Астанада өтетін Ұлыбритания, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан парламенттері арасындағы ынтымақтастық жобасы аясындағы кездесуде талқылауға межелеп отырған кейбір мәселелерге тоқталды. Олардың арасында есірткі тасымалымен күрес, ғылым мен білім беру саласын дамыту сынды мәселелер бар.
ҚР парламенті сенатының баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Орталық Азия елдерінің парламенттері арасындағы ынтымақтастықты дамыту жобасын Ұлыбританияның халықаралық даму істері жөніндегі министрлігі қаржыландырады. Жобаны мемлекеттік сектордың жұмыс тәжірибесін халықаралық деңгейде тарату және заң шығару саласындағы реформалар ісімен 40 жылдан бері айналысып келе жатқан үкіметтік емес ұйым — Британияның «Шығыс-Батыс» орталығы жүзеге асырады.

Перейти к новостям спорта