«Кез келген халықтың мәдениеті руханилық арқылы қалыптасады. Қазақстанда бүгін діни сенімнің нақты бостандығы бар, бірақ анархия жоқ. Қазіргі шіркеу, бейбітшілік, махаббат, мейірімділікті қалайтын дінге сенетін адамдар үшін жақсы уақыт», — деп атап өтті Владимир әкей.
Түрлі діни конфессиялардың жақтаушыларында ешқандай түсінбеушіліктер жоқ, деп атап өтті ол. «Бізде мақсат біреу. Біз түрлі әлеуметтік жобалардың тоғсатын көптеген нүктелері бар», — дейді православиелік дінбасы.
Ол мұсылмандарды келе жатқан Құрбан айт мерекесімен құттықтады. «Бұл — барлық мұсылмандардың ұлы мейрамы. Діни шынайылық біздің халықтарымызға әрқашан басшылық етсе екен деп, барлығымыз бірлікте болсақ екен деп тілемін», — деді Қарағанды және Шахтинск епархиясының хатшысы.
Оның құттықтауларына Қарағанды облыстық евангелистік лютерандық бауырластық приходының қызметкері Петр Жасинаста қосылды. «Біз бірге қуанудамыз. Кеше ғана Ғаламтор арқылы 5-6 мың адамның қажылыққа аттанғанын көрдім. Бұл да қуантады, өйткені ол бейбітшілік пен өзара келісімге әкеледі. Қазақстан барлық әлемге дана саясатын көрсетуде, мұнда тұратын көптеген ұлт, дін өкілдері өздерінің дінін, мәдениетін ашық насихаттайды», — дейді пастор.