Марапаттау салтанаты Ыстамбұл қаласында өтті, деп бүгін ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Биылғы жылы экономиканы, индустрияны, сауда және халықаралық қатынастарды дамытуға орасан үлес қосқан 17 ең табысты іскер топ өкілі мен мемлекеттік қайраткер наградаға лайық деп танылды.
Марапатталғандар қатарында Қазақстан елшісі де бар. Ол құрметті қонақ ретінде шақырылған және Қазақстан мен Түркия арасындағы достықты дамытуға ерекше үлес қосқаны үшін наградаға лайық болған шет мемлекеттің жалғыз өкілі болды.