Қазақстандық дзюдошы Лондон олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін алғашқы 200 ұпайға ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық дзюдошы  Лондон олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін алғашқы 200 ұпайға ие болды

Қазақстандық дзюдошы Лондон олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін алғашқы 200 ұпайға ие болды

19-20 ақпан күндері Германияның Дюссельдорф қаласында дзюдодан Гран-при сериясындағы Әлем кубогының бірінші турнирі өтті.

  • 22 Ақпан 2011
  • 419
Фото - Caravan.kz

Онда ел намысын ерлер арсында қорғаған 22 спортшының біреуі ғана жүлделі болды. 100 келі салмақта белдескен 2009 жылғы Әлем чемпионы Максим Раков ақтық сында жарыс қожайыны Димитр Петерсті тізе бүктіріп, алтын медальды олжалады. Бұл дүбірлі додаға 68 елден ерлер арасында 305, ал әйелдер арасында 195 балуан қатысты. Олардың арасында 8 Олимпиада чемпионы, 18 Әлем чемпионы және 2010 жылы Венада өткен Еуропа чемпионатының 10 жеңімпазы болды. Жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрайтын бұл жарыста жеңімпаздар 3 мың доллар ақшаға ие болып, өз рейтингін 200 баллға ұлғайтты.

Дзюдо спортының халықаралық күнтізбесінде биыл 2012 жылғы Лондон олимпиадасының дәрежелік ұпайлары сарапқа салынатын 5 турнир еніп отыр. Әлем кубогының келесі кезеңдері енді 6-8 мамырда Бакуде, 16-18 қазанда Әбу-Дабиде, 25-27 қарашада Роттердамда, 17-18 желтоқсанда Квиндаода өтпек.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера