Бұл туралы Қазақстанның Дзюдо федерациясынан мәлім етті.
26 жастағы қарағандылық 100 келіге дейінгі салмақтық дәрежеде өткізген бес кездесуді де жеңіспен аяқтады. Бірінші болып Максим жаңазеландиялық спортшы Ясон Костермен, одан кейін украиналық Артем Блошенкомен, грузиндық Леван Жоржолианимен кездесті. Ал ақтық мәреге шуғы жолында Раков, өзіне етене таныс дзюдошы Дарвиш Рамаданмен белдесті. Бұған дейін де Раковқа шамасы келмеген Рамадан бұл жолы да ойсыра ұтылды.
Дюссельдорфтық «Гран-придің» жартылай финалдық ойыны да отандық спортшының пайдасына шешілді. Алаңда әр жылдарғы әлем чемпиондары — қазақстандық максим Раков пен корейлік Хи-Тае Хванг кездесті. М.Раков өз жеңісімен алтын иеленіп қана қоймай, өзінің рейтингілік есебін 200 ұпаймен еселеді. Ол рангтер бойынша әлемдік тізімнің алғашқы қатарында әділ орналасқандығын тағы бір мәрте растады.
Өкінішке қарай, турнирде отандық өзге дзюдошылардың бірде-бірі жеңіс тұғырына көтеріле алмады. Жарысқа 86 елден барлығы 554 спортшы қатысты.