Қазақстандық Елші Ливан Премьер-Министрінің қабылдауында болды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+36 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық Елші Ливан Премьер-Министрінің қабылдауында болды

Қазақстандық Елші Ливан Премьер-Министрінің қабылдауында болды

Үстімздегі жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі және Ливан Республикасындағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Б.Сәрсенбаев

  • 11 Желтоқсан 2012
  • 349
Фото - Caravan.kz

Ливан Республикасының Премьер-Министрі Наджиб Азми Миқатидің қабылдауында болды. Бұл туралы ҚР СІМ-нен мәлім етті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ливан арасындағы ынтымақтастық барысы талқыланып, екі жақты қатынастарды одан әрі ынталандыру жолдары туралы пікір алмасты.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Елшісі Б.Сәрсенбаев Ливан Республикасының Премьер-Министріне екі жақты қатынастарды ынталандырудың Жол картасын ұсынып, бұл бағытта жасалып жатқан жұмыс жайында әңгімелеп берді. Сондай-ақ ливан тарапына, Қазақстанға ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуші ел атануға қолдау көрсеткендігі үшін алғыс білдірілді. Осы ретте Қазақстан Республикасының жалпы экономикалық және сыртқы саясаттағы жетістіктері туралы қысқаша ақпарат берілді. Елбасы Н.Назарбаевтың бастмалары туралы баяндалды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 21-ші мерейтойын атап өту шеңберінде, Бейрут қаласына Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры Ж.Әубәкірова академия түлектерінен құралған музыкалық топты концерт қою мақсатында бастап келгендігі туралы әріптесін хабардар етті.

Өз кезегінде Ливан Премьер-Министрі Н.Миқати қазақстандық жақ ұсынған екі жақты ынтымақтатстықты дамыту Жол картасына толық қолдау білдіріп, оны жүзеге асыруға қатысты мүдделі министрліктер мен мекемелерге тиісті тапсырма берілетіндігі туралы айты.

Сұхбат кезінде Қазақстан мен Ливан арасындағы қатынастарға салмақ беру жол картасына премьер-министрлердің сапарымен алмасу бабын қосу керектігі айтылды. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметовтың Ливанға ыңғайлы уақытта сапармен келуіне тілек білдіріп, өзінің кеңсе меңгерушісіне дереу қазақстандық әріптесіне арнайы шақырту хатты жолдау туралы тапсырма берді.