Қазақстандық еркектер қай елдерден әйел алған – ресми статистика - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық еркектер қай елдерден әйел алған – ресми статистика

Қазақстандық еркектер қай елдерден әйел алған – ресми статистика

ҚР ІІМ мәліметінше, 1992 жылдан 2017 жылға дейін Қазақстан азаматтығын 1 019 358 адам алған.

  • 29 Наурыз 2018
  • 451
Фото - Caravan.kz

Үш жылдың ішінде алты мыңға жуық шетел азаматшасы Қазақстан Республикасының азаматтығын алған. Олар қазақстандық ер азаматтарға тұрмысқа шыққан. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрлігі айтты, деп хабарлайды Today.kz

2015-2017 жылдар арасында 5811 әйел қазақстандыққа күйеуге шығып, "Тұрмыстағы әйелдің азаматтығы туралы" конвенцияға сәйкес ҚР паспортын алған. 

Қазақстан азаматына ең көп тұрмысқа шыққандар – Өзбекстанның бұрынғы азаматшалары екен. Екінші орында – экс-қырғызстандықтар, үшінші орында – бұрынғы ресейліктер. Тізімде Армения, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Грузия елдерінің бұрынғы азаматшалары бар. 

ҚР ІІМ мәліметінше, 1992 жылдан 2017 жылға дейін Қазақстан азаматтығын 1 019 358 адам алған, Қазақстан азаматтығынан шыққандар саны – 11 514. 


Оқи отырыңыз:

Өзбекстан азаматтары алматылық зейнеткерлерді гипноз арқылы тонап келген

Шен үшін ішкен әйелдердің қайда жұмыс істейтіні анықталды

 

Соңғы жаңалықтар