Қазақстандық есірткі тасымалдаушылардың ісі сотқа берілді - Өзбекстан - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
	
Қазақстандық есірткі тасымалдаушылардың ісі сотқа берілді - Өзбекстан

Қазақстандық есірткі тасымалдаушылардың ісі сотқа берілді - Өзбекстан

Өзбекстанда ұсталған қазақстандық есірткі тасымалдаушылардың қылмыстық ісі сотқа берілді. Бұл туралы Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің консулы Бабыр Дәуренбек мәлім етті.

  • 20 Маусым 2011
  • 550
Фото - Caravan.kz

Мамыр айының соңында жергілікті телеарналар мен интернет-басылымдар Өзбекстанның Сурхандария облысында ауған-өзбек шекарасында Қазақстанның екі азаматы ұсталып, олардың асқазандарынан героин салынған капсулалардың табылғанын хабарлаған еді.

Осыған байланысты, Өзбекстанның Термез қаласына Қазақстан елшілігінің консулы Б.Дауренбек жолданып еді. Сапар барысында дипломат, ұсталған Қазақстанның екі азаматы — Мұхаммадкәрім Қарабайұлы мен Мұхаммедамин Жалғасбайұлына қатысты Өзбекстанның арнайы қызметі жүргізген қылмыстық істің мән-жайымен танысты. Тергеу материалдарынан мәлім болғандай, Қазақстанның аталған екі азаматы героин салынған капсулаларды жұтып, Ауғанстаннан Қазақстанға есірткі алып өтпек болған. Бірақ кедендік тексеру кезінде олар ұсталып, медициналық мекемеге жеткізілген, капсулалар сол жерде алынған.

Жиналған материалдардың негізінде Қазақстан азаматтары аса ірі көлемде есірткі заттарын контрабандалау және ірі көлемде есірткі заттарын сату әрекеті үшін айыпталып отыр.

Соңғы жаңалықтар