Қазақстандық Евгения Рагулина ушудан екі дүркін әлем чемпионы болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық Евгения Рагулина ушудан екі дүркін әлем чемпионы болды

Қазақстандық Евгения Рагулина ушудан екі дүркін әлем чемпионы болды

Жуырда Қытайдың Хуаншань (Аньхой провинциясы) қаласында өткен ушудың дәстүрлі тәсілдері бойынша 5-ші Әлем чемпионатында қазақстандық спортшы,

  • 19 Қараша 2012
  • 394
Фото - Caravan.kz

19 жастағы Евгения Рагулина өзінің шеберлігін тағы бір мәрте растап, екі дүркін әлем чемпионы болды. Бұл туралы Штаттық ұлттық командалар және спорттық резерв дирекциясынан мәлім етті.

Жарыстарға 53 елден 900-ден астам спортшы қатысты, олардың арасында Қазақстанның атлеттер бар.

Евгения Рагулина 2009 жылғы Азия чемпионы және 2010 жылғы Әлем чемпионы болып табылады. Ол Қытайда өткен олимпиадалық турнирде Қазақстан намысын қорғаған жалғыз спортшы болды. Е.Рагулинаны өзінің анасы Нелли Мазгунова жаттықтырады.

Рагулина халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың жеңімпазы. 9-ыншы әлем чемпионаты кезінде өткен 2008 жылғы Олимпиадаға іріктеу барысында Рагулина ушудан жолдамаға ие болған жалғыз қазақстандық болды. Бейжіңдегі Олимпиада ойындары кезінде ол бесінші орынға табан тіреді.

Соңғы жаңалықтар