Қазақстандық фильм үздік еуропалық деректі фильм номинациясы марапатына ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық  фильм үздік еуропалық деректі фильм номинациясы марапатына ие болды

Қазақстандық фильм үздік еуропалық деректі фильм номинациясы марапатына ие болды

«Қарағандыда ұмытылғандар» фильмі үздік еуропалық деректі фильм номинациясы марапатына ие болды.

  • 9 Наурыз 2015
  • 510
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін «Қарағандыда ұмытылғандар» фильмі 2014 жылдың ең үздік деректі фильмі номинациясын жеңіп, California Film Awards (Diamond Awards, Documentary Film Competition) наградасын иеленген болатын.

2014 жылы Сыртқы істер министрлігінің қаржылық қолдауымен «Nexos» қауымдастығының өкілдері Карлагта қамалған испандықтар туралы 50 минуттық деректі фильм түсірді. 2013 жылдың қыркүйегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Испания үкіметінің төрағасы Мариано Рахойға Карлагта қамауда болған 152 испандықтардың мұрағаттық құжаттарын беруі фильмді түсіруге түрткі болды, деп жазады khabar.kz.

Қазақстан мұрағат құжаттарын ресми түрде Испанияға аударым жасаған бұрынғы Кеңес Одағының ішінде болған алғашқы ел болып отыр.


Перейти к новостям спорта