Қазақстандық фристайлшылар Әлем кубогының 13-кезеңінде жүлдегерлер қатарына ілінді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық фристайлшылар Әлем кубогының 13-кезеңінде жүлдегерлер қатарына ілінді

Қазақстандық фристайлшылар Әлем кубогының 13-кезеңінде жүлдегерлер қатарына ілінді

Кеше Қытайдағы Бейда Лейкте фристайлден Әлем кубогының 13-кезеңі аяқталды. Онда могулден ерлер арасында 26,53 ұпаймен канадалық Майкл Кингсбери бірінші орны алды.

  • 13 Ақпан 2012
  • 426
Фото - Caravan.kz

Одан кейінгі орынды 25,54 ұпай алған жинаған қазақстандық Дмитрий Рейхард мен канадалық Жюстин Дюфур және 24,56 ұпаймен тағы бір канадалық спортшы Марк Кагнан бөлісті. Ал әйелдер арасында американдық Ханна Керни ( 25.69 ұпай) бірінші, канадалық Жюстин Дюфур-Лапойнт ( 25.39) екінші, казақстандық Юлия Галышева (25.33) үшінші орын алды.

Бұған дейін АҚШ-тағы Дир Вэллиде өткен Әлем кубогының 12-кезеңінде Майкл Кингбери екінші, Дмитрий Рейхард 15-орын алған еді. Ал әйелдер арасында Ханна Керни бірінші, Жюстин Дюфур-Лапойнт екінші,

Юлия Галышева төртінші орынды еншілеген болатын.