Қазақстандық футболда алғаш рет жойылып кететін спрей қолданылды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық футболда алғаш рет жойылып кететін спрей қолданылды

Қазақстандық футболда алғаш рет жойылып кететін спрей қолданылды

 Қазақстанда алғаш рет футбол төрешісі айыппұл соққысын орындайтын алаңдағы нүктені  және оның орнын белгілейтін өздігінен жойылып кететін спрей қолданылды, деп хабарлады Vesti.kz.

  • 2 Наурыз 2015
  • 393
Фото - Caravan.kz

Бұл 1 наурызда «Астана Арена» стадионында өткен «Астана» ФК мен алматылық «Қайрат» арасындағы Қазақстанның Суперкубогы матчында болды. Бұл кездесу елордалық команданың пенальти сериясындағы жеңісімен аяқталған болатын.

Еске сала кетейік, жойылып кететін спрей Бразилиядағы 2014 жылғы әлем чемпионатында ойдағыдай байқаудан өтті және Еуропа біріншіліктерінде кеңінен таралды. Оны Чемпиондар лигасы матчтарында және УЕФА-ның басқа да турнирлерінде, сондай-ақ Франция, Италия, Испания, Англия және Нидерланды чемпонаттарында қолданады.

Өздігінен жоғалып кететін спрей 7 наурызда басталатын Қазақстан чемпионатында да қолданылуы мүмкін. 


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера