Қазақстандық футболшы Бразилияның "Ботафого" клубының ойыншысы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық футболшы Бразилияның "Ботафого" клубының ойыншысы атанды

Қазақстандық футболшы Бразилияның "Ботафого" клубының ойыншысы атанды

"Оле Бразил" футбол академиясының тәрбиеленушісі, қазақстандық жас футболшы Рауан Сәриев Рио-де-Жанейроның "Ботафого" клубы ойыншысы атанды,

  • 19 Шiлде 2012
  • 474
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады осы елдің БАҚ-тарына сілтеме жасай отырып «Қазақстанның спорт порталы».

Өткен жылы жас футболшы Р. Сәриев бразилиялық футбол клубымен («Атлетико Минейро») келісімшарт жасасқан алғашқы қазақстандық болған еді. Қазіргі уақытта ол «Ботафого» U-20 «Пантера» командасына өтіп, жаттығуды бастап та кетті.

Айта кетейік, «Ботафого» — Бразилияның мықты футбол клубтарының бірі. Бұл команда елінің екі дүркін чемпионы, Рио-де-Жанейро штатының бірнеше дүркін чемпионы, КОНМЕБОЛ кубогының жеңімпазы.